Лимитті арттыру үшін пайдаланушыға келесілер қажет:
1. Егер пайдаланушы Қазақстан Республикасының резиденті болса, тестілеуден өтіп, 10-нан кемінде 8 балл жинау қажет. *Бұл жағдайда тестілеуден өту талабы тек Қазақстан Республикасының резиденттеріне қатысты.
2. Жеке кабинетіңізге қаражат көзін растайтын құжатты жүктеңіз. Мұндай құжатқа қойылатын талаптар:
* Құжаттың жарамдылық мерзімі 1 жылдан аспауы керек, ерекше жағдайларда – 2 жыл;
* Құжат ресми болуы керек. Мұндай құжаттардың мысалдары: жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шарты нотариалды куәландырылған болуы керек, шарт бойынша пайдаланушы Сатушы ретінде әрекет етуі керек. Егер бұл несиелік шарт болса, онда мұндай шарт ұйымның мөрімен бекітілуі және тараптардың қолдары болуы керек, егер бұл ұйымнан немесе екінші деңгейлі банктен алынған несие болса, несие ақшалай түрде (бөліп төлеу емес, ипотека емес, нақты қаржылық несие), егер бұл жеке тұлғалар арасындағы қарыз шарты болса, мұндай шарт нотариалды куәландырылуға тиіс. Егер бұл жұмыс орныңыздан анықтама болса, онда еңбек шартын және зейнетақы қорынан үзінді көшірмені немесе жалақы картасынан үзінді көшірмені қоса беруіңіз керек. Құжаттың ресми мәртебесі анық болуы керек, егер қосымша сұрақтар туындаса, сізден деректерді нақтылау үшін құжаттар сұралуы мүмкін.
* Құжат сапалы және толық сканерленген болуы керек;
* Құжат лимитті срттыру туралы сұраныс берген пайдаланушының деректерін көрсетуі керек.
3. Құжатты жеке кабинетіңізге жүктегеннен кейін бұл сұраныс компанияның уәкілетті қызметкерлерінің қарауына жіберіледі, жаңартылған лимит сіздің жеке кабинетіңізде көрсетіледі. Лимиттік сома компанияның қолданыстағы ішкі ережелері шеңберінде бекітілген сомалар шегінде белгіленеді.
Әлі де сұрақтарыңыз бар ма? Бізге хабарласыңыз