Криптокартаға тапсырыс беру үшін сіз биржаның Инвестор немесе Премиум мәртебесіне ие клиенті болуыңыз және BCC.kz мобильді қосымшасын орнатуыңыз қажет. Банк қосымшасында «Жаңа шот немесе өнім» бөлімінен #CryptoPay таңдап, «Карта ашу» батырмасын басыңыз. Осыдан кейін ATAIX Eurasia-да тіркелу кезінде көрсетілген электрондық поштаңызға хат келеді – карта ашуға келісімді 2 сағат ішінде растау қажет.
Әлі де сұрақтарыңыз бар ма? Бізге хабарласыңыз