Сіз фиат әмияныңызды банктік аударым арқылы 12 750 теңге (немесе баламасы) немесе одан да көп сомаға толтыра аласыз немесе одан шығара аласыз. Операциялардың құнын сіздің банк белгілейді, нақты құнын солардан біле аласыз. 12 750 теңгеден немесе басқа фиат валютасындағы балама сомадан аз төлем тапсырмалары жоғалуы мүмкін екенін ескеріңіз.
Қателерді болдырмау үшін банк деректерін көшіріп, қою ұсынылады. ATAIX Eurasia қате деректемелермен жіберілген аударымдар үшін жауапты емес екенін ескеріңіз.
1) Бенефициар коды (КБе) – 15.
2) Төлемді тағайындау коды (ТТК) – 371 (Цифрлық активтерді сатып алу).
Егер сіздің банкіңізде 371 санын көрсету мүмкіндігі болмаса, ТТК - 590 (5-бөлім бойынша басқа төлемдер) немесе 194 (Электрондық ақшаны сатып алу) пайдалана аласыз.
3) КОд (Ақша жіберушінің коды) екі саннан тұрады:
– бірінші сан резиденттікті білдіреді (1 – ҚР резиденті, 2 – ҚР бейрезиденті)
– екінші сан экономикалық секторды білдіреді (1-ден 9-ға дейін).
Жиі қолданылатын экономикалық секторлар:
5 – Басқа қаржылық ұйымдар
7 – Мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар
9 – Үй шаруашылығы (жеке тұлғалар үшін).
Осылайша, КОд 29 ақшаны жіберуші ҚР бейрезиденті, жеке тұлға екенін білдіреді).
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Төлем тапсырмасының түсініктемелерінде Өзіңіздің жеке кабинетіңізден табуға болатын 7 таңбалы сәйкестендіру кодыңызды Әмиян-Депозит-Банк депозиті бөлімінде көрсетуді ұмытпаңыз
Стандартты банктік аударым уақыты келесі жұмыс күні болып табылады. Ерекше жағдайларда бұл 3 жұмыс күніне дейін созылуы мүмкін. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктік шот иесінің деректері әрқашан ATAIX Eurasia шоты иесінің деректерімен сәйкес келуі керек. Егер деректер сәйкес келмесе, қаражат 30 күн ішінде банктік шот иесіне қайтарылады және шығындарды шот иесі көтереді.
Әлі де сұрақтарыңыз бар ма? Бізге хабарласыңыз