Тәуекелдерді қабылдау
ATAIX Eurasia Ltd. компаниясымен сауда операцияларын жүзеге асыру және біздің Қызметтерімізді пайдалану өз тәуекеліңізбен жүзеге асырылады. Цифрлық активтермен сауда жасау немесе оларды иеленуден шығын тәуекелі айтарлықтай болуы мүмкін. Криптовалюта бағаларының құбылмалылығы ATAIX Eurasia Ltd. компаниясына байланысты емес. Тиісті криптовалюта құнының өзгеруі нәтижесінде туындайтын кез келген пайда немесе шығын, толығымен сіз қабылдаған тәуекел шегінде болады. ATAIX Eurasia Ltd. сіздің кез келген криптоактивтерді сатып алу немесе сату туралы дербес қабылдаған шешімдер нәтижесінде туындаған кез келген шығын үшін жауапты емес.
Пайдаланушылар Компанияның Веб-сайты мен Қызметтерін пайдалануға байланысты төмендегі тәуекелдерді түсінетінін растайды:
- Цифрлық активтермен, электрондық ақшамен, виртуалды немесе цифрлық валюталармен не Bitcoin сияқты токендермен, немесе басқа да цифрлық активтермен сауда жасаудан шығын тәуекелі айтарлықтай болуы мүмкін, және де шығын қысқа уақыт ішінде туындауы мүмкін.
- Цифрлық активтердің бағасы мен өтімділігі өткенде айтарлықтай ауытқуларға ұшыраған және болашақта да елеулі құбылмалылыққа ұшырауы мүмкін.
- Цифрлық активтер және басқа да электрондық ақша, виртуалды немесе цифрлық валюталар заңды төлем құралы болып табылмайды, кез келген мемлекетпен қамтамасыз етілмеген, ал шоттар мен ақша қалдықтары қандай да бір сақтандыру жүйесімен немесе инвесторларды қорғау жүйесімен қамтылмайды және қорғалмайды.
- Ұлттық, өңірлік немесе халықаралық деңгейдегі заңнама мен реттеудің өзгеруі, не реттеуші органдардың әрекеттері Цифрлық активтер мен басқа да электрондық ақшаны, виртуалды немесе цифрлық валюталарды пайдалануға, аударуға, айырбастауға және олардың құнына теріс әсер етуі мүмкін.
- Цифрлық активтермен және басқа да электрондық ақшамен, виртуалды немесе цифрлық валюталармен жасалатын операциялар қайтымсыз болуы мүмкін. Тиісінше, алаяқтық немесе қате операциялар нәтижесінде туындаған зиян қайтарылмауы мүмкін.
- Цифрлық активтермен және басқа да электрондық ақшамен, виртуалды немесе цифрлық валюталармен жасалатын кейбір операциялар, Пайдаланушы операцияны бастаған күн немесе уақыттан өзгеше болса да, тиісті операция жария тізілімде тіркелген күні аяқталды деп саналады.
- Цифрлық активтердің және басқа да электрондық ақшаның виртуалды немесе цифрлық валюталардың құны, нарық қатысушыларының фиат валютаны Цифрлық активтерге немесе басқа да электрондық ақшаға, виртуалды немесе цифрлық валюталарға айырбастауға тұрақты дайын болуына байланысты. Белгілі бір Цифрлық активтерге немесе басқа да электрондық ақшаға, виртуалды немесе цифрлық валюталарға нарық жойылған жағдайда, олардың құнының толық және қайтарымсыз жойылуына әкелуі мүмкін.
- Бүгінде Цифрлық активтерді немесе басқа да электрондық ақшаны, виртуалды немесе цифрлық валюталарды төлем құралы ретінде қабылдайтын тұлғаның болашақта оларды қабылдаудын жалғастыратынына кепілдік жоқ.
- Цифрлық активтер мен басқа да электрондық ақшаның, виртуалды немесе цифрлық валюталардың шығу тегі алаяқтық, кибершабуыл немесе бұзып кіру тәуекелін арттыруы, сондай-ақ Компания тап болатын технологиялық мәселелері Пайдаланушылардың Цифрлық активтерге қолжеткізуіне, немесе оларды пайдалануына кедергі келтіруі мүмкін. Криптовалюта биржалары күрделі кибершабуылдар үшін жоғары құндылығы бар нысана болып табылады. Сәтті шабуыл платформадағы сақталатын цифрлық активтердің ішінара, немесе толық жойылуына әкелуі мүмкін. Пайдаланушылар ешбір жүйе рұқсатсыз қолжетімділіктің барлық нысандарынан толық қорғауға кепілдік бере алмайтынын түсінуі тиіс.
- Пайдаланушының Аккаунтында немесе Пайдаланушының атынан ұсталатын Әмиянда тұрған кез келген қаражат Пайдаланушылар шеккен барлық шығынды өтеу үшін жеткіліксіз болуы мүмкін.
Киберқауіпсіздік және операциялық тәуекелдер
Криптовалюта биржалары жиі бұзып кіру, фишинг, зиянды бағдарламалық жасақтама және рұқсатсыз қолжетімділіктің басқа да нысандарын қоса алғанда, кибершабуылдардың нысанасына айналады. Пайдаланушылар келесіні ескеруі тиіс:
- Компания инфрақұрылымды сегменттеуді, қолжетімділікті бақылауды және қауіпсіздікті үздіксіз мониторингтеуді қоса алғанда, қауіпсіздік бақылау құралдарын енгізгеніне қарамастан, ешбір жүйе толық қорғалуға кепілдік бере алмайды. Платформаға жасалған сәтті кибершабуыл, сақтауда тұрған цифрлық активтердің ішінара, немесе толық жойылуына әкелуі мүмкін.
- Клиенттердің активтеріне қатысты ақпараттық қауіпсіздік оқиғасы туындаған жағдайда, Компания өзінің заңнамада белгіленген міндеттемелеріне сәйкес тиісті реттеуші органды хабардар етеді және оқиғаны оқшаулау мен оның салдарын жою жөнінде дереу шаралар қабылдайды.
- Платформада сақталатын цифрлық активтер, мемлекеттік депозиттерге кепілдік беру, немесе инвесторларға өтемақы төлеу жүйелерімен қамтылмайды. Қауіпсіздіктің бұзылуы салдарынан активтер жоғалған жағдайда, активтерді толық қалпына келтіруге кепілдік берілмейді.
- Пайдаланушыларға аккаунттың барлық қолжетімді қауіпсіздік функцияларын, соның ішінде екі факторлы аутентификацияны (2FA) қосуды, сондай-ақ фишингтік хабарламалар мен Компания атынан жіберілгендей көрінетін рұқсатсыз хабарламаларға қатысты сақтық танытуды қатаң түрде ұсынамыз.
- Ақпараттық қауіпсіздік оқиғасына байланысты мәселелер туралы хабарлағысы келетін Пайдаланушылар, төменде көрсетілген Шағымдарды қарау рәсіміне сәйкес AFSA-ға шағым бере алады.
Реттеу
ATAIX Eurasia Ltd., «Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржы қызметтерін реттеу басқармасы (AFSA) берген 2025 жылғы 15 қазандағы № AFSA-A-LA-2025-0022 Лицензия негізінде мынадай реттелетін қызмет түрлерін жүзеге асырады:
(a) цифрлық активтердің сауда платформасын басқару жөніндегі қызмет (Digital Asset Trading Facility);
(b) активтерді сақтау бойынша қызметтер көрсету (Custody);
(c) принципал және агент ретінде инвестициялық өнімдермен (цифрлық активтермен) сауда жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыру (Dealing in Investments (Digital Assets) as Principal and as Agent).
Телефон: +7 (727) 356 11 70; +7 (701) 591 49 86
Электрондық пошта: [email protected]
Мекенжайы: Z05H0C9, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Нұра ауданы, Қабанбай Батыр даңғылы, 21-үй.
Компания Пайдаланушыларға қызметтерді реттелетін орта жағдайында ұсынатынына және инновациялық қызмет белгілі бір тәуекелдермен байланысты болатынына орай, салымдарды жоғалту және тиісті қызметті пайдалануға байланысты өзге де шығындар туындау ықтималдығы бар.
Шағымдарды қарау рәсімі
ATAIX Eurasia Ltd. Компаниясы, немесе оның қызметкерлерінің жұмысына, немесе өнімдерге қанағаттанбаған Пайдаланушылар мен жеке тұлғалар, «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаржы реттеушісі болып табылатын «Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржы қызметтерін реттеу басқармасына (AFSA) шағым бере алады.
AFSA-ға шағым беру үшін, келесі байланыс деректері бойынша хабарласу қажет:
Телефон: +7 (7172) 64 73 71
Электрондық пошта: [email protected]
Мекенжайы: Z05T3D8, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/17, C3.2 павильоны.