ATAIX Eurasia-да цифрлық активтерді екі жолмен алуға болады: блокчейн арқылы немесе Crypto Credential арқылы.
ATAIX Eurasia халықаралық Travel Rule стандартының талаптарын орындайды. Қаражатты шығару барысында мына деректерді көрсету талап етілуі мүмкін:
● алушы мекенжайы,
● шығару мақсаты,
● шығарудың қолданылуы,
● бенефициар туралы деректер (егер алушы басқа тұлға немесе ұйым болса).
Бұл деректер транзакциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және реттеуші талаптарға сай болуға көмектеседі.
● Транзакция үшін дұрыс блокчейнді таңдаңыз (мысалы, BITCOIN).
● Шығарылатын соманы енгізіңіз.
● Алушының нақты мекенжайын көрсетіңіз.
● Шығарудың мақсатын көрсетіңіз (мысалы, жеке әмиянға аудару немесе сауда);
● Блокчейн тарапынан арнайы талап болса, мемо енгізіңіз.
● Транзакцияларды бақылау саясатына (Travel Rule) келісетініңізді белгілеңіз.
● Шығару мақсатының мекенжайы кастодиалды әмиян (VASР, мысалы, биржа) немесе жеке әмиян екендігін таңдаңыз.
● Егер алушы биржа болса, оның атауын көрсетіңіз.
● Егер сіз цифрлық активтерді аударатын биржа тізімде жоқ болса, «кастодиалды емес әмиян» тармағын таңдаңыз.
● Егер бенефициар өзіңіз болсаңыз — оны белгілеңіз.
● Егер қаражат басқа тұлғаға немесе компанияға шығарылса, бенефициардың деректерін (аты, тегі немесе ұйым атауы) толтырыңыз.
Шығаруды басқан соң:
● транзакция туралы мәліметтері бар терезе пайда болады, онда енгізілген барлық деректерді тексеру қажет;
● электрондық поштаға операцияны растау туралы сұрау жіберіледі;
● расталғаннан кейін аударым бірнеше минуттан 24 сағатқа дейін өңделеді.
⚠️ Назар аударыңыз: ATAIX Eurasia қате көрсетілген мекенжайға жіберілген қаражат үшін жауапты емес.
Crypto Credential — криптовалютаны ұзын блокчейн-мекенжайының орнына бірегей никнейм (пайдаланушы аты) арқылы жіберуге және қабылдауға мүмкіндік беретін Mastercard технологиясы. Бұл қателік жіберу қаупін азайтып, Travel Rule талаптарын орындауды жеңілдетеді.
Егер сіз бұл қызметті алғаш рет қолдансаңыз:
● Әмиян мекенжайының орнына алушының Crypto Credential никнеймін енгізіңіз (мысалы: friendname.ataix.mastercard).
● Қалған өрістер (шығару мақсаты, бенефициар деректері) блокчейн арқылы шығару кезіндегідей толтырылады.
● Соңғы терезеде транзакцияның мәліметтерін тексеріңіз.
● Операцияны электрондық пошта арқылы растаңыз.
● Транзакцияны өңдеу бірнеше минуттан 24 сағатқа дейін созылады.
⚠️ Маңызды:
● Тіркелгеннен кейін Crypto Credential никнеймін өзгертуге болмайды.
● Алушының Crypto Credential қызметі дұрыс белсендірілгеніне көз жеткізіңіз.
● Егер Crypto Credential никнеймі қате енгізілсе, қаражат жоғалуы мүмкін.
Әлі де сұрақтарыңыз бар ма? Бізге хабарласыңыз