ATAIX Eurasia криптокартасы – бұл биржадағы пайдаланушының криптовалюта әмиянына байланыстырылған Mastercard дебеттік банк картасы. Оның көмегімен криптовалютаны кәдімгі фиат ақшасы сияқты жұмсауға болады (қазіргі уақытта POS-терминалдар арқылы офлайн төлемдерде). Төлем жасау кезінде криптокарта криптовалютаны биржаның ең тиімді бағамы бойынша автоматты түрде теңгеге (KZT) конвертациялайды. Бұл ыңғайлы, өйткені сатушы фиат ақша алады, ал карта иесі өз криптоактивтерімен есеп айырысады.
Әлі де сұрақтарыңыз бар ма? Бізге хабарласыңыз