Аударымдарды бақылау ережелері (Travel Rule)

Қазақстан Республикасының заңнамасы мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) актілеріне сәйкес, цифрлық активтерді аудару кезінде транзакция жіберушісі мен алушысы туралы ақпаратты жинауға және оны беруімізге міндеттіміз.

Платформада операция жүргізу барысында сіз мыналарды ескеруге тиіссіз:

* Қажетті ақпарат алушы виртуалды активтер қызметтерін жеткізушіге (VASP), банкке немесе аударымды өңдеуге қатысатын өзге қаржы ұйымына берілуі мүмкін;

* Жеке басы расталмаған немесе бақылаусыз ұйымдарға жасалатын аударымдар шектелуі, тоқтатылуы немесе кері қайтарылуы мүмкін;

* Аударымды орындау үшін қосымша ақпаратты ұсыну талап етілуі мүмкін.

Берілетін мәліметтер тізбесі

Аударымдарды бақылау қағидаларына (Travel Rule) сәйкестікті қамтамасыз ету мақсатында цифрлық активтерді аудару кезінде біз келесі мәліметтерді жинауға, сақтауға және беруге құқылымыз:

1. Аударым туралы деректер:

* Аударым сомасы;

* Цифрлық активтің түрі;

* Транзакция хэші;

* Блокчейн-мекенжайлар;

* Қызмет көрсетуші жеткізушінің (VASP немесе қаржы ұйымының) идентификаторы;

* Алушыны сәйкестендіру.

2. Пайдаланушы туралы деректер (жеке тұлға):

* Толық аты-жөні;

* Тұрғылықты мекенжайы;

* Жеке басын куәландыратын құжат (паспорт немесе жеке куәлік);

* Туған күні.

3. Ұйым туралы деректер (заңды тұлға):

* Ұйым атауы;

* Заңды мекенжайы;

* Мемлекеттік идентификатор (БСН, тіркеу нөмірі).

Біз жеке деректерді қорғау талаптарын қатаң сақтаймыз және ақпаратты тек қолданыстағы нормативтік актілер аясында ғана береміз