Криптовалюта биржасындағы сауда пайдаланушылардың қаражатын алаяқтық жолмен тартып алуға тырысатын алаяқтардың болуына байланысты қауіпті болуы мүмкін.
Алаяқтық пен қаржылық айла-шарғыдан аулақ болу үшін қырағы болыңыз және келесі ұсыныстарды орындаңыз. ӘРҚАШАН ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН:
1. ATAIX Eurasia қызметкерлері ешқашан ақша табу схемаларына қатысуға шақырмайды.
2. Биржа қызметкерлерімен байланыс тек ресми арналар арқылы орын алады: сайт және әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар, оған сілтемелер ataix.kz сайтында орналастырылған.
3. ATAIX Eurasia қызметкерлері ATAIX Eurasia жүйесінде одан әрі есептеу немесе сауда жасау үшін ешқашан өз карталарына немесе банк шоттарына төлемдер мен аударымдарды қабылдамайды.
Алаяқтықты ескерту және оның алдын алу үшін ATAIX Eurasia келесі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:
1. Ресми сайтқа немесе ataix.kz сайтында сілтемелері орналастырылған әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларға кіріп жатқаныңызға көз жеткізіңіз. Логин мен құпия сөзді енгізбес бұрын URL мекенжайын тексеріңіз. URL мекенжайында немесе қауымдастықтың атауында жалған сайтты немесе қауымдастықты көрсетуі мүмкін шағын өзгерістерге назар аударыңыз.
2. Электрондық пошта мекенжайлары мен жалған веб-сайттарға сілтемелер болуы мүмкін күдікті электрондық хаттардан сақ болыңыз.
3. Күрделі құпия сөздерді және екі факторлы аутентификацияны пайдаланыңыз.
4. Тиісті тексерусіз ақшаңызды ешқашан бейтаныс адамдарға жібермеңіз.
Осы қадамдарды орындау алаяқтарға тап болу қаупін азайтуға көмектеседі және криптовалюта биржаларында сауда жасау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Есіңізде болсын, сіздің криптовалюта портфолиосының қауіпсіздігі толығымен сіздің әрекеттеріңіз бен зейінділгіңізге байланысты.
Күдікті байланыс болған жағдайда [email protected] қолдау көрсету орталығына немесе Телеграм тобына хабарласыңыз.
Сондай-ақ, бізбен +7 (727) 356 11 70 телефон нөмірі арқылы да хабарласуға болады.
Сізге қызықты болды ма?