.
Қазақстанда криптовалюта саудасы кезінде қалай салықты төлеп, тыныш ұйықтауға болады

Қазақстанда криптовалюта саудасы кезінде қалай салықты төлеп, тыныш ұйықтауға болады

Қазақстанда криптоиндустрия заңнамалық қолдау алады, соның ішінде цифрлық активтерге салық салу да бар.

Қазақстанда криптовалютаны қалай заңды түрде сатып алуға және сатуға болады

Бүгінгі күні жеке тұлға салықты қалай төлейді

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке тұлғалар салықты қалай төлейді

ATAIX авторы болыңыз

Бастау

Жаңадан бастап жатқан инвестор үшін 5 негізгі кеңес

АРҚЫЛЫ АЛУ

Батырманы басу арқылы сіз жеке деректерді өңдеуге және құпиялылық саясатымен келісесіз.

Америка Құрама Штаттарының негізін қалаушы Бенджамин Франклин: «Бұл дүниеде өлім мен салықтан басқа анық нәрсе жоқ» - деп жазып кеткен. Оның сөзін осы уақытқа дейінгі бүкіл адамзат тарихы растап келеді.

Криптовалюта нарығы барлық өркениетті елдерде бірте-бірте құқықтық өріске енуде. Қазақстан жаһандық трендтен қалыспайды, тіпті жетекші орындардың бірін алады. Мұны Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) негізіндегі FinTech Lab пилоттық жобасы растайды, оның аясында ATAIX Eurasia биржасы нарықта 2022 жылдың 8 тамызында бірінші болып өз жұмысын бастады. Тағы бір маңызды фактор - крипто индустриясын сұр өрістен шығаруға, нарықтың барлық қатысушыларын қорғауға және бюджет кірістерін арттыруға арналған заңнамалық бастамалар.

2023 жылғы 6 ақпанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 1 сәуірде күшіне енетін «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» № 193-VII Заңына қол қойды, бұл туралы Telegram-дағы жаңалықтар арнамызда бұрын айтқан болатынбыз. Ал 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 331-бабына жеке тұлғаларға цифрлық активтерді сату кезінде құн өсімінен жеке табыс салығын (ЖТС) төлеуге мүмкіндік беретін түзетулер күшіне енеді.

Қазақстанда криптовалютаны қалай заңды түрде сатып алуға және сатуға болады

Сіздің криптовалюталық операцияларыңыз толығымен заңды болуы үшін (p2p мәмілелерден айырмашылығы) және активтеріңізді растауда қиындықтар болмауы үшін лицензияланған криптовалюта биржаларын пайдалануды ұсынамыз.

P2P мәмілелер (peer-to-peer немесе person-to-person) - қаражат бір жеке шоттан екіншісіне аударылатын, екі жеке тұлға арасындағы ақшалай операциялар.

 «Ақпараттандыру туралы» Заңның 33-1-бабына сәйкес, цифрлық актив төлем құралы емемс, ал арнайы Астана халықаралық қаржы орталығының экономикалық аймағын қоспағанда, ҚР аумағында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді шығаруға және айналымына тыйым салынады..

Заңдастыру мәселесі әсіресе банк жүйесі арқылы ақшалай қаражатты депозитке салу және шығару үшін биржалық транзакциялар үшін өзекті болып табылады.

Фиат (немесе фидуциарлық) ақша – номиналды құнын мемлекет белгілейтін және кепілдік беретін ақша, олар мемлекеттік заңдар негізінде төлем құралы ретінде пайдаланылады (мысалы, теңге, АҚШ доллары немесе еуро).

Қазіргі уақытта АХҚО-ның FinTech Lab пилоттық жобасына Қазақстанның келесі банктері қатысады:

  • Halyk Bank 

  • Altyn Bank 

  • Bereke Bank 

  • Nurbank

  • CenterCredit

  • Freedom Bank 

  • Eurasian Bank 

  • Zaman Bank 

Лицензияланған биржалар мен жобаға қатысушы банктер арасындағы фиат-крипто-фиат транзакциялары жеті айдан астам уақыт бойы сәтті жүзеге асырылып, олардың көлемі үнемі өсіп келеді.

Сирек жағдайларда, банкте қаражаттың шығу тегі туралы сұрақтар туындаған кезде, ол кірісті растайтын құжаттарды - ЖТС (жеке табыс салығы) анықтамасын сұрай алады, оны электрондық үкіметтінің www.egov.kz сайтында тегін алуға болады. Табысты растау туралыи анықтаманы қалай алуға болатыны туралы қосымша ақпаратты мына жерден таба аласыз. 

Сонымен қатар, ATAIX Eurasia қажет болған жағдайда біздің платформамыздағы кез келген транзакцияның құжатталған дәлелдерін ұсына алады. Мұндай құжат биржа куәлігі деп аталады, ол цифрлық активті сатып алу-сату фактісін, сондай-ақ осы мәмілені биржаның тіркеу және есепке алу фактісін куәландырады.

Бүгінгі күні жеке тұлға салықты қалай төлейді

Қазақстан Республикасының салық заңнамасы бүгінгі күні жеке тұлғалардың цифрлық активтерді сатудан түсетін кірістеріне салық салу тәртібін реттемейді.

Мұндай өзгерістер тек 01.01.2024 бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 331-бабында «Цифрлық актив» түсінігі қамтылмағандықтан (бұл бап мүлікті сатудан түскен құн өсімінен түсетін табысқа салық салуды реттейді), салық салу объектісі мүлікті сату бағасы мен оны сатып алу бағасы арасындағы оң айырмашылық емес, және мүлікті (криптоактивті) сатудың жалпы құны болып табылады. Басқаша айтқанда, сіз криптовалютаны сатқан кезде транзакциядан түскен барлық табысқа салық салынады. Оны салық шегерімдері арқылы азайтуға болатынына қарамастан, бухгалтеріңізбен кеңескен дұрыс.

Бұл ретте жеке табыс салығының (ЖТС) мөлшерлемесі 10% құрайды.

ЖТС салынатын қаржы жылы ішінде алынған кірістер бойынша, Сіз салық органдарына Жеке табыс салығы бойынша декларацияны (240.00 нысаны) тапсыру керексіз.

Есепті жылға декларация есепті жылдан кейінгі жылы 31 наурызға дейін ұсынылуы тиіс. 

Осылайша, салықты төлеу үшін сізге:

1) Есепті қаржы жылы ішінде криптовалюта сатып, жеке табыс салығы (ЖТС) салынатын кіріс алу;

2) Есепті жылға 240 нысаны бойынша декларацияны келесі жылдың 31 наурызына дейін ұсыну;

3) Жылдың соңында алынған табыстан 10% ЖТС төлеу керек.

Мысал 1

Жыл ішінде биржада сіз 100 000 теңгеге криптовалюта саттыңыз. Егер шығару үшін комиссия мен салық шегерімдерін елемейтін болсақ, онда салық мынаған тең болады:

Табыс = 100000 теңге;

Салық = 100000 * 10% = 10000 (теңге).

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке тұлғалар салықты қалай төлейді

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР Салық кодексінің 331-бабына енгізілген өзгерістер күшіне енеді, оған сәйкес ЖТС цифрлық активтерді сатудан құн өсімінен кіріс түскен жағдайда ғана төленеді. Яғни, төлем және декларациялау алгоритмі өзгеріссіз қалады, бірақ енді салық негізі табыс емес, табыстың өсуі болады. Бұл, әрине, криптоинвестор үшін әлдеқайда тиімді.

Мысал 2

Бір жыл ішінде сіз 100 000 теңгеге цифрлық активтерді сатып алдыңыз, жыл соңында олардың құны 150 000 теңгеге дейін өсті. Сіз активтерді саттыңыз да, оларды банктік шотыңызға шығардыңыз.

Бұл ретте салық салу объектісі болып табыстың ұлғаюы табылады (бұл мысалда шығару комиссиясын есепке алмағанда):

Табыстың өсуі = 150 000 - 100 000 = 50 000 (теңге);

Салық = 50000 * 10% = 5000 (теңге).

Сату кезінде активтердің құны төмендеген және табыс өсімі болмаған жағдайда салық төленбейді.

Бұл ретте криптобиржа мен банк салық агенті ретінде әрекет етпейді және салықты төлеу жауапкершілігі криптоинвесторға жүктеледі.

Біздің пайдаланушыларымыз үшін биржадағы операцияларды есепке алу процесін барынша жеңілдету үшін ATAIX Eurasia транзакциялар тарихын экспорттау және 240 нысанын автоматты түрде толтыру үшін арнайы функцияны әзірлеуде.

Құқықтық салада криптовалюталық транзакцияларды жүзеге асыру туралы әлі де сұрақтарыңыз болса, біздің клиенттерге қолдау көрсету қызметіне жазыңыз, біз сізге тіпті ең шиеленіскен мәселені де шешуге көмектесеміз!

Сізге қызықты болды ма?

4.811 бағалар

Жаңадан бастап жатқан инвестор үшін 5 негізгі кеңес

АРҚЫЛЫ АЛУ

Батырманы басу арқылы сіз жеке деректерді өңдеуге және құпиялылық саясатымен келісесіз.

Жиі қойылатын сұрақтар

  • AIFC FinTech Lab пилоттық жобасына қай банктер қатысады?

    dropdown
  • Қазақстанда цифрлық активтерді сатудан түсетін табыс салығын қалай төлеуге болады?

    dropdown
  • 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда цифрлық активтерді сатудан түсетін табыс салығын төлеу тәртібі қалай өзгереді?

    dropdown
  • Цифрлық активтермен операцияларды жүзеге асыру кезінде банк қандай құжаттарды талап етуі мүмкін?

    dropdown

Жаңадан бастап жатқан инвестор үшін 5 негізгі кеңес

АРҚЫЛЫ АЛУ

Батырманы басу арқылы сіз жеке деректерді өңдеуге және құпиялылық саясатымен келісесіз.

Жиі қойылатын сұрақтар

  • AIFC FinTech Lab пилоттық жобасына қай банктер қатысады?

    dropdown

    АХҚО FinTech Lab пилоттық жобасына Қазақстанның келесі банктері қатысады: Халық Банкі, Freedom Bank, Altyn Bank, Еуразиялық банк, Нұрбанк, Банк ЦентрКредит.

  • Қазақстанда цифрлық активтерді сатудан түсетін табыс салығын қалай төлеуге болады?

    dropdown

    Қазақстанда цифрлық активтерді сатудан түсетін табыс салығын төлеу үшін есепті қаржы жылы ішінде криптовалютаны сату және жеке табыс салығы (ЖТС) салынатын кірісті алу қажет. Одан кейін келесі жылдың 31 наурызына дейін есепті жылға 240-нысан бойынша декларация тапсырып, алынған кірістен 10% ЖТС төлеу керек.

  • 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда цифрлық активтерді сатудан түсетін табыс салығын төлеу тәртібі қалай өзгереді?

    dropdown

    2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 331-бабына енгізілген өзгертулер күшіне енеді, оған сәйкес ЖТС цифрлық активтерді сатуда құн өсімінен кіріс түскен жағдайда ғана төленеді. Яғни, төлем және декларациялау алгоритмі өзгеріссіз қалады, бірақ енді салық базасы табыс емес, табыстың өсуі болады.

  • Цифрлық активтермен операцияларды жүзеге асыру кезінде банк қандай құжаттарды талап етуі мүмкін?

    dropdown

    Сирек жағдайларда, банкте қаражаттың шығу тегі туралы сұрақтар туындаған жағдайда, ол кірісті растайтын құжаттарды – ЖТС (жеке табыс салығы) анықтамасын сұрай алады, оны электрондық үкіметтінің www.egov.kz сайтында тегін алуға болады. 

    Сонымен қатар, ATAIX Eurasia қажет болған жағдайда біздің платформамыздағы кез келген транзакцияның құжатталған дәлелдерін ұсына алады. Мұндай құжат биржа куәлігі деп аталады, ол цифрлық активті сатып алу-сату фактісін, сондай-ақ осы мәмілені биржаның тіркеу және есепке алу фактісін куәландырады.

ATAIX авторы болыңыз

Бастау